Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда алғаш рет «Кітап – рухани азық» атты онлайн байқау басталды

Ақтау қаласы әкімдігі жасөспірімдер мен балаларға арналған «Кітап – рухани азық» атты онлайн байқауды жариялады.

Байқаудың мақсаты – жастардың отансүйгіштік қасиетін арттыру, кітап оқу дәстүрін насихаттау және сөз құдіреті арқылы мемлекеттік тілді дамыту.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, байқау әр екі ай сайын жүреді. Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінеді. Бірінші топта 6-9 жас аралығындағы балалар сынға түседі. Олар ертегілер, Абай Құнанбайұлының шығармаларын оқиды. Ал екінші топтағы 10-13 жастағы балалар өлкенің ақын-жазушылары және Абай Құнанбайұлы шығармаларын, балалар әдебиетін оқуы керек. Соңғы үшінші топта 14-17 жастағы қатысушылар А.Құнанбаев, Н.Назарбаев және Ә.Кекілбаев шығармаларымен танысады.

Сонымен қатар, қатысушы қала тұрғыны болуы шарт.

Байқаудың жеңімпаздары қаржылай және кітаптармен марапатталады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Қараша, 2020 11:32
Талқылау