Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 5 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті

Төтенше оқиға бүгін, 14 сәуір күні 8 ықшамаудандағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

8888

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Зардап шеккен қыз бірнеше жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Қыз ғимараттың төртінші қабаттан құлағанына қарамастан аман қалған. Куәгерлер жедел жәрдем мен полицияның келгенін күтпестен қызды бірден ауруханаға жеткізеді.

Қазір зардап шегуші балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда. Қыз қазіргі таңда есін жинаған. Қазір мамандар оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Маңғыстауда жігіт 17 жастағы қызды алып қашып, аяусыз ұрып өлтірді

Талқылау