Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 21 жыл бұрын бөлімшеден қашып кеткен әскери қызметкерке мемлекетаралық іздеу жарияланды

 1997 жылы №10070 әскери бөлімшені тастап кеткен Бейбіт Қозыбаев әлі күнге дейін жасырынып жүр. Бұл туралы Ақтау гарнизоны бойынша ҚР ҰҚК әскери полиция басқармасы мәлімдеді.

Бейбіт Қозыбаев 1977 жылы Атырау облысының Жасқайрат ауылында туылған. Оған әскери бөлімді рұқсатсыз тастап кеткені үшін іздеу жарияланды. Бұл әрекеті үшін ол қамауға алынады. Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Айта кетейік, әскери қызметкер мемлекетаралық іздеуде.

Ерекшеліктері: бойы 168-170 см, арық келген, қара шашты, қасы калың, беті домалақтау.

Іздеудегі қызметкер туралы қандай да бір ақпарат болса Ақтау гарнизонындағы ҚР ҰҚК-нің Әскери полициясына 8 (7292) 30-20-26, 46-05-70, 46-05-83 нөмірлеріне немесе Ақтау қаласы 1 ықшамауданы 13 ғимараттағы 2015 «А» әскери бөліміне хабарлассын.

Жіберіп алмаңыз:

Отбасым үшін қорықтым: Тоқмәди банкир Тәтішевті өлтіргенін мойындады

Вице-министр кімдерге жер берілмейтінін айтты

ОҚО-да орамал таққан 130 оқушының ата-анасына айыппұл салынады

Заңгер: Еліміздегі азаматтарға 10 сотық жер беруге қарсымын

Талқылау