Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 19 жастағы сарбаз түрмеден қашқан 21 сотталушыға жалғыз өзі төтеп берген

ОҚО Қазығұрт ауданының тумасы Ербол Отарбаев 8 жыл бұрын Ақтауда әскери борышын өтеп жүріп асқан ерлік көрсетті. 19 жастағы сарбаз Ақтау түрмесінен қашқан 21 сотталушыға жалғыз өзі төтеп берген, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Ербол Отарбаев

Ербол Отарбаев осыдан 2010 жылы  22 маусымда болған оқиғаны еске алып, оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Ақтау қаласындағы қатаң тәртіптегі түрмедегі 21 сотталушы 22 маусымда таңғы сағат 5 шамасында қашпақ болған. Осы уақытта 6-бекетте тұрған Ербол Отарбаев оларға төтеп беріп, әскери жарғы талаптарына сай қимылдаған.

Жауынгердің сөзінше, оқиға орын алған күні түрмеден қашпақ болған сотталушылар трансформаторды жарған. Мұнан кейін суық қарумен қаруланған сотталушылар 6-шы бекетке оқ атып, жақындай түседі. Олар түрменің сыртындағы қоршауды сындырып, қаша бастаған. Қараңғы болғандықтан, жауынгер жазасын өтеушілердің түрі көріп, санын аңдай алмапты.

«Мен сотталғандарға қашуға жол бермеуге талпындым. Қолымдағы АК-74 қаруымен жарыұқ түскен жаққа қарай оқ жаудырдым. Алайда менде 20 дана оқ болған еді. сондықтан оқты үнемдеуіме тура келді. Артынша бір адам маған оқ атты. Мен де оған оқ атып, ол сол жерде көз жұмды. Мұнан кейін бекеттен шығуға беттедім. Осы кезде сотталушылардың бірі маған қарай көтеріліп келе жатты. Мені көре салған бойда ізкесушілердің жолағына секірді. Өз кезегінде мен оған оқ атып, сотталушы сол жерде мерт болды. Оның құлағанын көрген өзге сотталушы қолындағы сөмкесін тастап, сыртқа қашуға оқталды. Оған атқан оғым дәл тиіп, ауыр жарақат алды. Артынша өзге сотталушылар маған оқ ата бастады», – дейді Ерлан Отарбаев.

Қарсы тараптың атқан оғы жауынгердің өкпесіне тиген. Салдарынан ол биіктен жерге құлап, қолы мен қабырғасы да сынған. Мұнан кейін өзіне қарай жүгіріп келе жатқан сотталушыны көрген Ербол оған бір қолымен оқ атуға тырысқан. Алайда оның оғы таусылып қалған екен.

«Оғым болмағандықтан, 7-ші күзет орнына шегінуге бет алдым. Алайда күшім жетпей, 10 метр жер жүргеннен кейін құладым. Тағы 10 метр жерді жүріп, қайта құлап қалдым. Бұл кезде аузымнан қан кетіп, талып қалыппын. Тек «өлдім» деген ой келді», – дейді Ерлан Отарбаев.

Сарбаз есін жиғанда жанында қарауыл бастығы болған. Ол Ерболға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қанша адамның қашып кеткенін сұраған. Ауыр жарақат алған сарбаздың тек «көп» деп жауап беруге дәрмені жетіпті.

Мұнан кейін оқиға орнына жеткен жедел жәрдем жарақаттанған сарбазды Ақтау қаласындағы ауруханаға алып кеткен. Жан сақтау бөлімінде жатқан сарбаз тек 4 күннен кейін есін жинаған.  Дәрігерлер оған ота жасап, өкпесінің 25 пайызын кесіп тастаған. Салдарынан ол 2-ші топтағы мүгедек болып қалыпты. Арада 20 күн өткеннен кейін Ербол Астана қаласындағы әскери госпитальға ауыстырылған. Госпитальда дәрігерлер сарбаздың шашылып кеткен қол сүйектерін қайта қалпына келтіурі үшін 3 рет ота жасапты.

«Артынан естігенім бойынша, түрмеден қашқан сотталушылардың жартысы белгілі бір адамдардың көмектесуімен Түрікменстанға шекара аспақ болған екен. Өзгелері Шетпет тауындағы жарға тығылыпты. Алайда сотталушылардың төртеуі сол жерде көлікті жарып, өз-өздерін өлтірген. Ал аман қалған бес сотталушы мен оларға көмектескен алтыншы адам өз еркімен берілді», – дейді Ерлан Отарбаев.

Белгілі болғандай, ол уақытта түзеу мекемесінде күн тәртібі болмаған. Осы жайтты пайдаланған сотталушылар уақыттарының басым бөлігін түрме ішіндегі мешіт пен шіркеуде өткізген. Салдарынан теріс діни ағымға кіріп кеткен жазасын өтеушілер мешіттің астынан жерді қазған. Сол жерге жасырын түрде қару-жарақ пен азық-түлік сақтапты. Сонымен қатар ет тасымалдаған мұздатқыш арқылы түрмеге суық қару жеткізілген белгілі болды.

Осы жағдайға байланысты түрме басшылығы мен бірқатар қызметкерлер сотты болды. Оларға 7 жылдан 13 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар  түзеу мекемелерінің барлығындағы мешіттер мен шіркеулер жабылып, 6 метрлік бетон қоршаулар орнатылды.

Ал Ербол Отарбаев Петропавл қаласындағы жоғары әскери оқу орнын үздік дипломмен тәмамдады. Жауынгер 2010 жылдың 15 желтоқсанында ҚР Президентінің Жарлығымен ІІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Сонымен қатар жоғары әскери оқу орнын бітіргеннен кейін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан лейтенант шенін алды.

«Елбасымен кездескенде ол қызметімді жалғастырып, еліміз үшін қызмет еткім керектігін айтты. «Жоғары оқу орнына түс», – деді. Ал Елбасының қолынан лейтенант шенін алғанда, ол кісі мені танып, «жарайсың, қызметіңді жалғастырыпсың» деген тәрізді пікірін білдірді. Екі кездесу арасында 5 жыл өтсе де, Елбасының мені ұмытпағанына қайран қалдым», – дейді Ербол Отарбаев.

Сонымен қатар, Ербол Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтан бір бөлмелі қызметтік пәтердің кілті мен есімі жазылған алтын сағат алға.

Қазіргі уақытта Ербол Шымкент қаласындағы №66/98 әскери бөлімінде жұмыс істейді. Ол тәрбие және әлеуметтік құқық жұмыстары жөніндегі бөлімше бастығының көмекшісі қызметін атқаруда.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда 7 жасар балаға оқ атылған сәт видеоға түсіп қалған (видео)

Қостанайда әйелдер сырғанауға арналған алаң үшін шу шығарып, жасөспірімді ұрып тастады (видео)

ҚТЖ пойыз астына түсіп өлмек болған әйелдің оқиғасының мән-жайын айтты

Отардағы жауынгерлік парад: Әскерилер толық дайындықтарын көрсетті (видео)

Талқылау