Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітті ұрлап, зорлап кеткен деген ақпарат тарады

Адвокат Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігіт жантүршігерлік зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтты. Маңғыстау облысының полиция департаменті ақпаратты растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

мүгедек

Фото: Pixabay.com

Ажар Әбділ өзінің парақшасында 2024 жылы 27 желтоқсанда ерекше қажеттігі бар жігітті ұрлап, зорлаған деп жазды. Жәбірленушінің анасы дереу полицияға арыз жазған.

"Бүгінге дейін қажет сараптамалар тағайындалған жоқ. Қала орталығында қорғансыз адамды ақ джипке салып алып кеткенін көрсететін бейнебақылау камераларының жазбалары алынбады. Жазба екі ай сақталған. Бірақ оқиғаның хронологиясын қала орталығында қалпына келтіру өте қиын емес сияқты. Камералар көп, күдікті әлі анықталған жоқ", – деп жазды адвокат.

Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Барлық қажет сараптамалар тағайындалды. Істі полиция департаменті басшылығы бақылауға алды. Тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады департаменттегілер.

Талқылау