AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 10-қабатта терезенің жақтауында жүгіріп ойнаған балалардың ата-анасына айыппұл салынды

Ақтауда көпқабатты үйдің терезе жақтауында ойнап жүрген балалардың ата-анасы жауапкершілікке тартылды. Полиция департаменті қаршадай қыздарды қараусыз қалдырған ересектерге хаттама толтыртып, айыппұл салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

балалар

Балақайлар ештеңеден қорықпай, емін-еркін терезе жақтауымен бір пәтерден екінші пәтерге кіріп-шығуда. Кейін белгілі болғандай 6, 8 және 9 жастағы балақайлар бір-бірімен көрші тұрады екен. Біреуінің үйінде ата-анасы болмай, қалған екеуі соған ойнауға келіпті. Полиция департаменті қыздардың ата-анасына хаттама толтыртып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

“Оқиға орнына полиция қызметкерлері яғни ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді. Балалардың атаанасы қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ ата-аналармен алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жаннұр Таңатарова.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда 32Б ықшамауданында орналасқан "Атакент" тұрғын үй кешенінің оныншы қабатында терезесінен шығып жақтауда ойнап жүрген үш баланың видеосы тарағаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр