Ақтауда 1 тоннадан астам бекіре жасырылған заңсыз қойма анықталды
Ұсталған азаматтар азық-түлік сақтайтын орынға 250 бекірені тығып қойыпты. Қызыл кітапқа енген балықтар қара базарда саудаға шығарылмақ болыпты. Бұл туралы КТК хабарлады.
Әшкереленген балықтардың нақты салмағы 1 тонна 151 келіні құрады. Ал күдікті ретінде ұсталған 35 жастағы жігіт Әзірбайжан азаматы болып шықты.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол осыншама балықты браконьерлерден сатып алған. Енді қылмысы дәлелденсе, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Маңғыстау облысында әскерден қашқан сарбаз іздестіріліп жатыр
Алматыда көлігін бассейнге айналдырған жүргізушіге іздеу жарияланды
Төлешов былығын жасыру үшін салықшыларға қанша пара бергенін айтты
Енді жүргізушілер куәлігін кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында ауыстыра алады
Талқылау