Ақтау жағажайларында адам денсаулығына қауіпті бактериямен күрес басталды
Ақтау жағажайларында адам денсаулығына қауіпті бактериямен күрес басталды. Жқмысшылар күн сайын екі гектар жағалауды қопсытып шығаруы тиіс. Жер қазу жұмыстарына 20 шақты адаммен 6 техника жұмылдырылған. Жергілікті билік газды гангрена тудыратын қоздырғыштан осылайша құтылуға болатынын айтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада теңіз суы мен құмнан сынама алынған кезде бірнеше жерден зиянды бактерияны тапқан болатын. Енді мамандар жағажайда демалушыларға қарапайым гигиена талаптарын қатаң сақтауға қажеттігін ескертеді.
«Бұз қоздырғыш топырақта ұзақ сақталады. Адамның ағзасына инфекция түсіреді. Ашық жарақаты бар адамдарда газды гангрена пайда болуы мүмкін. Сондықтан да қопсыту жұмыстары аяқталғанша жарақаты бар адамдардың жағалауға жақындамай-ақ, қойғаны дұрыс. Суға түсушілерге құм үстінде тамақ жемеуге кеңес береміз», – дейді Әсима Жұмабайқызы Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
«Қазіргі таңда қайырды қопсыту жұмыстары жүріп жатыр. Бактериялар қайырдың астында, ылғалды жерде орналасқан. Оны жердің бетіне шығарса, желмен ұшып кетуі мүмкін. Сол себепті осындавй жұмыстарды жасап жатырмыз», – дейді Қайрат Ақыбаев қалалық ТКШ бөлімінің басшысы.