Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғынынан қару мен 800 оқ-дәрі табылды

Ақтауда ер адамнан қару-жарақ пен ірі көлемде оқ-дәрі тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

қару

27 шілдеде Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен 23 жастағы тұрғынның барсеткасына тінту жүргізіп, қару анықтаған.

“Kia Sportage көлігін тексеру кезінде 60 дана РАК маркалы 9 мм патрон тәркіленді. Бұдан әрі ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша жатын бөлмесіне тінту жүргізу барысында бір атаусыз травматикалық тапанша, 720 РАК 9 мм, 40 Барнаул, 30 Гром, 12 калибрлі 6 “10Х24” деген жазуы бар 18 патрон тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ тергеуге дейінгі бірыңғай тіркеліміне тіркелді”, – делінген ақпаратта.

Күдіктіге қатысты тиісті мінез-құлық туралы жазылу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ жоғарыда аталған автокөлік құралы айыптұраққа қамалды.

Талқылау