Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғыны өзінің бейтаныс адаммен некеде тұрғанын кейін білген

Ақтау қаласының тұрғыны 2006 жылдан бері бейтаныс азаматпен некеде тұрғанын кейін білген. Сөзінше, ол отбасылық анықтама алар кезінде екі адаммен некеде екенін көрген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап.

Әйел өзінің ресми түрде 2005 жылы тұрмысқа шыққанын алға тартты. 

“Ал цифрлық құжаттарда 2006 жылы 21 ақпанда тіркелді деген тағы бір неке туралы куәлік бар. Мен дереу мемлекеттік органдарға екінші "неке" туралы куәлікті алып тастауды талап еттім", - деді әйел.

Бейнеу ауданының АХАЖ басқармасы техникалық қателік орын алғанын мәлімдеді.

“2008 жылы ақпараттық жүйе іске қосылды. Осы уақытта неке қию туралы куәлікті базаға енгізу кезінде техникалық қателіктер орын алды. Біз акт жазбасын жойдық”, - деді облыстық департаментте.

Ақтау қаласының тағы бір тұрғыны отбасылық жағдайы туралы ақпарат алу кезінде 1994 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Украина азаматы Е.В Дровозовпен некеде тұрғанын білген.

Әділет департаменті әйелге АХАЖ бөліміне арызбен жүгіну ұсынылды.

“Бұл техникалық қателік шығар. 1994 жылы ақпараттық жүйе әлі болмаса да, 2007 жылға дейін туылған балалар туралы ақпарат жүйелерде көрсетілмесе де солай болады. Мұның бәрі тез түзетіледі”, - деп түсіндірді өкілдер.

Талқылау