Ақтау тұрғыны белтемірге тартылудан әлемдік рекорд орнатып, чемпион атанды
Ақтаулық Ильдар Ягьяев белтемірге тартылудан әлемдік рекорд орнатып, әлем чемпионы атанды. Чемпионат Финляндия астанасы Хельсинкиде 23 қаңтар күні өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” басылымына сілтеме жасап.

Қазақстан атынан ақтаулық Ильдар Ягьяев қатысты. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Ол дайындық кезінде 90 килограмды көтерді. Одан кейін 96,5 килограммен бірге тартылып, әлемнің жаңа рекордын орнатты. Осылайша ақтаулық стритлифтер чемпиондық титулын алтыншы рет қорғап отыр.
Спорттан бөлек, Ильдар Ягьяев жедел тамақтану желісін басқарады. Атлеттің айтуынша, жарысқа дайындық барысында тамақтанудың маңызы зор. Сондай-ақ, ол - Маңғыстау облысындағы воркаут стрит пен стритлифтинг федерациясының президенті.
Айта кетейік, былтыр жыл соңында Ильдар Ягьяев Еуропаның жеті дүркін чемпионы атанды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"