Ақтау тұрғындары вакцина пунктіндегі ұзын-сонар кезекке шағымданды
Ақтауда коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келгендердің ұзан-сонар кезегі видеоға түсірілді. Бұл жағдайға қатысты Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.
Жағдай бүгін, 8 тамызда таңертең 7 ықшамаудандағы №1 Ақтау қалалық емханасында болған.
"Неге вакцинация дұрыс ұйымдастырылмаған? Қой сияқты, айтарға сөз жоқ", – дейді коронавирусқа қарсы екпе алғысы келетін жергілікті тұрғындардың бірі.
Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, демалыс күндері Ақтауда екпе алғысы келетін тұрғындар саны күрт артқан. Әсіресе бүгін №1 қалалық емханада кезекте тұрғандар қарасы көп болды.
“Қазіргі уақытта емханада үш егу кабинеті жұмыс істейді. Тағы бір кабинетті ашуға дайындап жатыр. Жағдай бақылауда”, – деп мәлімдеді ведомство өкілі.
Кезекті болдырмау үшін дәрігерлер тұрғындарға кез келген басқа емханаға баруды ұсынады. Қызметкерлер мен медициналық мекемелер демалыссыз жұмыс істейді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”