Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғыны жүгіруге шыққан жас қызды зорлап кеткен

Ақтауда ер адам таңертең жүгіруге шыққан жас қызды зорлап кетті деген күдікпен қамауға алынды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде.

2-15

Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Оқиға өткен сенбіде, яғни 5 тамыз күні болған.

Саябақ қызметкерлерінің айтуынша, бойжеткен 5А мөлтек ауданының маңында таңертеңгілік жүгіруге шыққан. Құлаққап киген қыз соңынан аңдып бара жатқан ер адамды байқамапты.

«Оның артынан белгісіз ер адам аңдып бара жатты. Ал кейіннен ол қызды демалушылар ес-түссіз күйінде тауып алған», – дейді саябақ қызметкерлері.

Күдікті деп танылған азаматты Ақтау полициясы қолға түсірді.

«Қамауға алынған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдар жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті азамат Ақтаудағы уақытша қамау изоляторына тоғытылды», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аталған бап бойынша азамат 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: 

БҚО-да бес баланың анасы асылып қалды

Алматы облысында Toyota көлігі аударылып, екі адам көз жұмды

Ақмола облысында ЭКСПО көрмесіне келе жатқан автобус аса ауыр апатқа ұшырады

Алматы облысында үш жасар бала терезеден құлап мерт болды

Талқылау