Ақтау қаласының маңынан белгісіз сұйықтық құйылған бөтелкелер үйіндісі табылды
Белгісіз біреулер Ақтау қаласының маңына сұйықтық құйылған бөтелкелер үйіндісін қалдырған. Не екені белгісіз сұйықтықты тұрғындар видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Lada.kz” порталына сілтеме жасап.
Ақтау маңындағы бөтелкелердегі заттар туралы ақпаратты облыстық экология департаменті мәлімдеді.
Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау және зертханалық-талдау бөлімінің мамандары, Баянды ауылдық округінің полиция қызметкерлері мен Мұнайлы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары сұйықтықтың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сусындар екенін анықтады.
“Бөтелкелерді қашан және кімнің лақтырғаны әлі белгісіз. Мамандарымыз Мұнайлы ауданының әкімдігіне қалдықтарды алдағы уақытта жинап, полигонға апаруды ұсынды. Мұнайлы аудандық полиция қызметкерлерінен кінәлілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту сұралды”, – деп хабарлады экология департаменті.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ