Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Байпақов Әбілқайыр Жанайұлы тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы 21 мамырда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында дүниеге келген. Үйленген, бес баласы бар. 1999 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін тарих мұғалімі мамандығы бойынша, 2003 жылы Халықаралық еңбек академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша үздік бітірді.

1999-2000 жылдары Есенов атындағы Ақтау университетінің тарих және философия кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.

2000-2001 жылдары Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім бөлімінің жетекші маманы болды. 

2002-2004 жылдары Маңғыстау облысы ішкі саясат департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы, 2004-2005 жж. - Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, 2005-2006 жылдары - «Отан» РДП Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қалалық өкілдігі төрағасының бірінші орынбасары болды.

2006 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшылық міндетін атқарды.

2006 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың қазанына дейін - Баянды ауылының әкімі болды.

2007-2010 жылдары «Каспий» ӘКК »ҰК» АҚ департаментінің директоры қызметінде еді.

2010-2012 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыру-партиялық жұмыстар бөлімінің басшысы, 2012 жылдан бастап Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін «CASPI BITUM» БК »ЖШС кадрлар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 17 Тамыз, 2020 17:20
Талқылау