Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау қалалық сотының экс-төрағасы 9 жылға сотталды

Ақтау қалалық сотының экс-төрағасы Бауыржан Шайдуллинге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz

Оған пара беруге итермелеу және бөтен мүлікті алдау жолымен иемденуге әрекеттену баптарымен айып тағылған.

Айыпталушылар арасында судьяның сыбайласы сот орындаушысы да бар. Ол пара беру итермелеу және алаяқтық баптары бойынша айыпталған.



Соттың мәліметінше, Шайдуллин делдал арқылы қылмыстық іс бойынша қолайлы шешім шығару уәдесімен айыпталушыны 18 миллион теңге көлемінде пара беруге үгіттеген. 

Сот екі айыпталушыны да кінәлі деп танып, Бауыржан Шайдуллинді 9 жылға бас бостандығынан айыру, ал оның сыбайласын 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Екі сотталушы да өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2024 жылдың маусым айында Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллиннің қамауға алынғаны туралы жазған едік. 

Талқылау