Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды
Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты.
Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы әшкереленді.
Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдіктелуде. Соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады”, – делінген дүйсенбіде тараған ақпаратта.
- Арыстанбек Мұхамедиұлының "Көшпенділер" фильмі үшін салынған бекіністің сатылғанына қандай қатысы бар екені тексеріледі
- Экс-президент Назарбаевтың мейірім-шапағаты: Қазақстанда жемқорлық үшін сотталып, мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан шенеуніктер кімдер
Антикор сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын жеткізді.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған