Ақтау-Ыстамбұл бағытындағы ұшақ 1,5 сағаттан кейін жерге қайтып қонды
Ақтау-Стамбул бағытындағы ұшақ, көкке көтерілгеннен кейін бір жарым сағаттан соң Қазақстан әуежайына оралды. Оған жолаушының денсаулығының нашарлауы себеп болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ұшу кезінде жолаушылардың біреуі өзін нашар сезінді, ұшақ командирі ұшу әуежайына оралуға шешім қабылдады. Ақтауға оралғанда жолаушыны медициналық қызметкер күтіп алды. Барлық қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін рейс қалпына келтірілді. Жолаушылардың қауіпсіздігі - біз үшін бірінші кезектегі міндет", - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Кеме Ақтаудан сағат 21.00-ден кейін көтерілгені, 1,5 сағаттық ұшудан кейін ұшақ әуежайға оралып, 23.45-те қонғаны айтылды.
Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі кәмелетке толмаған жолаушының денсаулығы нашарлағанын айтты.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн