Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау әуежайындағы қарбалас: Полиция бомба туралы хабарлаған күдіктіні қолға түсірді

Бомба бар деп жалған мәлімет таратқан азамат халықаралық әуежай мен Ақтау теңіз портының жұмысына кедергі келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аэропорт актау (1)

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сенбі, 1 қаңтар күні 102 пультіне бомба қойылған туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған факті бойынша облыстың мемлекеттік органдарының барлық қызметтері оқиға орнына жеткен. Азаматтар мен қызметкерлерді эвакуациялау жұмыстары жүргізілді.

"Қабылданған шаралар барысында жарылыс қаупі бар заттар табылған жоқ. Нысандардың қызметі әдеттегі қалпына оралды", – деп мәлімдеген полиция.

Қазіргі уақытта күдікті қолға түсіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін оқиға куәгерлері Ақтау әуежайынан адамдарды көшеге сыртқа шығарып жатқаны туралы хабарлаған. Тиісті тексеру аяқталғаннан кейін жолаушылар ғимаратқа қайта кіргізілді.

Айнұр Мұхади
Сенбі, 01 Қаңтар, 2022 15:27
Талқылау