Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау әуежайында төбелескен такси жүргізушілерінің видеосы тарады

Ақтау әуежайының маңында такси жүргізушілерінің төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, такси жүргізушілері арасындағы қақтығыс Ақтау халықаралық әуежайына кіреберісте болған.

Видеода екі ер адам жанжалдасып қалғаны байқалады. Олардың бірі балағат сөздер айтып, қарсыласына шабуыл жасаған.

Төбелесті әріптестері тоқтатқан.

Көлік департамент жоғарыда аталған факт Маңғыстау облысының полиция департаментінде тіркелгенін хабарлады.

 

Гүлдана Қазтай
Жексенбі, 09 Қазан, 2022 14:41