Ақтау әуежайы жанармай бағасын өсірді деген күдікке ілінді
"Ақтау халықаралық әуежайы” акционерлік қоғамына қатысты авиакеросинді қымбаттады деген күдікпен тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Тергеу авиакеросинге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша жүргізілуде, бұл әуе билеттері бағасының өсуіне әсер етеді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері расталған жағдайда ірі көлемде айыппұл салу арқылы монополиялық кірісті тәркілеу немесе қылмыстық әрекеттің құрамдас бөлігі ретінде құқық қорғау органдарына материалдарды жіберу мәселесі қаралатын болады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”