Ақсулық әйел балық аулап жүріп адамнның бас сүйегін тауып алды
Павлодар облысында Ертіс өзенінен адамның бас сүйегі табылды. Оны отбасымен бірге серуендеп жүрген ақсулық әйел анықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.
Отбасы Ертіс өзеніне балық аулауға барған.
"Күндізгі сағат 15:00 шамасында балық ауламақшы болып, суға қармағымды салдым. Сол кезде бірнәрсе ілінгендей болды. Өзенді жағалай ілінген затты шығарсам, адамның жағы. Оны көргенде төбе шашым тік тұрды", - дейді Ольга Чиндина.
Бас сүйекті тапқан ол дереу полиция шақырған. Дүйсенбіде адамның денесін іздестіруге сүңгуірлер жұмылдырымақшы.
Археолог Тимур Смағұлов сүйек ежелгі қорымға көмілгендердің бірінікі болуы мүмкін дейді.
"Судың жағасындағы қорымдардың бірінен суға түсуі мүмкін. Мұндай құбылыс, әсіресе, көктемде жиі болады", - дейді ол.
Сөзінше, Ертістің бойында 15-тен астам қорым бар көрінеді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ