Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақсу тұрғыны екі жыл бойы қайтыс болған әпкесінің атынан зейнетақы алып келген

Өкілетті органдардың жұмысын тексерген Павлодар облыстық прокуратурасы бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған.

98889

Бұл туралы pavon.kz хабарлайды.

Мамандар соңғы бес жылдағы адам өлімін тіркеу бойынша біраз айырмашылықтар орын алғанын байқапты. Құзырлы орган мәліметінше, адамдар өз туыстарын өкілетті органдарда тіркеусіз жерлеп, сосын марқұмдардың атынан жәрдемақы мен зейнетақы алып отырған.

63 адамның өлімі Ақсу қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелмеген. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық мәліметінше, Б. есімді азаматшаның 2015 жылдың 4 тамыздағы өлімінен соң екі жыл бойы оның атынан зейнетақы алынып келген. Қайтыс болған адамның тұрғылықты мекен-жайында оның сіңлісі тұрады. Ол марқұмның банк картасы арқылы екі жыл бойы зейнетақыға ие болып келген.

Осылайша ол 2015 жылдың қыркүйегінен бастап 2017 жылдың шілдесіне дейін 1 миллион теңгеден астам қаражатты алып үлгеріпті.

5 миллион теңгеден астам шығын келтірген 10 дерек бойынша қазір құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда көлікті сақтандыру жеңілдеп, техникалық байқаудан өткізуі қиындай түсті

Дидар Аяпов: Піріміздің аяғын сүйді дегендер санасы төмендер, тәрбие көрмегендер

Алдағы күндері күн жылынады

Ақтөбе облысында 70-тен асқан әжей бір елді мекенде жалғыз өзі тұрады

Талқылау