Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Нұрлан Дүйсімбинов Ақсу қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін әкім болған Жанат Шұғаев өз арызының негізінде денсаулығына байланысты қызметінен босатылды.
Фото: Нұрлан Алжабай
Павлодар облысының басшысы Әбілқайыр Сқақов қала активінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Әбілқайыр Сқақов әкімге ең алдымен Ақсу қаласындағы жаңа қазандықты пайдалануға беруді тапсырды.
Нұрлан Дүйсімбинов әлеуметтік бастамаларды да өз бақылауына алуы қажет, оның ішінде білім беру мәселелері, жастар мәселесін жолға қою керек.
Нұрлан Дүйсімбиновтің мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол.
Ол облыстық тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары Ақсу қаласының әкімі қызметін атқарған. Одан кейін Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2020 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Павлодар облысы әкімінің аппаратын басқарды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”