Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақшасыз келіншек емшек сүтін сатып, байып кетті

АҚШ-тың Флорида штатында ақшасыз екі баланың анасы интернетте емшек сүтін сатып байып, 20 мың доллар тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

32 жастағы мұғалім Джули Деннис 2019 жылдың тамыз айында басқа ерлі-зайыптылар үшін суррогат баланы дүниеге әкелді. Ол алты айлық болғаннан кейін, оған ана сүті қажет болмай қалған кезде, Джули лактацияны тоқтатпауға, өз сүтін суррогат аналардан туылған балалардың ата-аналарына сатуға шешім қабылдады. Сүт унциясының бағасы 90 центті құрайды.

"Менің керемет жатырым және керемет сүтім бар, сондықтан мен осы мүмкіндікті пайдалана аламын", - деп Джули өзінің бизнесі туралы түсіндіреді.

Адамдар әйелдің әрекетін сөккенімен, ол емшек сүтімен тамақтандыру толық жұмыс күнімен тең деп санайды. Джули күн сайын бірнеше сағат бойы сүтті айдайтынын, ал сүтті пакеттерге салып, сорғыны тазалауға көп уақыт пен ақша қажет екенін айтты. Ол айына 15000 унция сүт бөледі, оны тоңазытқышта пакеттерде сақтайды.

Талқылау