Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақшасын үнемдемек болған: Үш баланың анасы бір мезетте екі ота жасатамын деп көз жұмды

Англияда үш баланың анасы дәрігерлердің кеңесі бойынша бір уақытта екі пластикалық ота жасатып, салдарынан көз жұмды.

Ақшасын үнемдемек болған: Үш баланың анасы бір мезетте екі ота жасатамын деп көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 2018 жылдың жазында орын алған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр. 36 жастағы Луиза Харви клиникаға жүгініп, ішінің терісін тартып, омырауын үлкейтіп беруін сұраған. Медициналық мекемедегілер оған екі отаны бір уақытта жасатуға кеңес беріпті. Себебі осылайша арзанырақ түседі екен. 

Өз кезегінде әйел дәрігерлердің дегеніне келісіп, 17 маусымда үш сағатқа созылған отаны жасатқан. Ал ертесі күні ол клиникадан шығарылды. Луизаның анасы Линданың сөзінше, дәрігерлер қызын клиникадан үйіне жібергеннен кейін, оған қанды сұйылтатын дәрі бермеген. 

Арада бір апта өткеннен кейін дәрігер Харвидің жағдайын тексеріп, оның денесіндегі тігістердің бітіп келе жатқанын, бәрі дұрыс екенін айтыпты. Алайда 3 шілдеде әйел кенеттен есінен танып қалған.

«Луизаның ағзалары көтере алмаған. Оның жүрегі мен өкпесінде қан ұйып қалыпты», - дейді Линда.

Осылайша, ауруханаға түскен Харви балаларын алып келуді сұраған. Ал ертесі күні ол көз жұмды. 

Жүргізілген сараптама нәтижелері әйелдің өліміне өкпесіне қан ұйып қалуы себеп болғанын көрсетті. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қатты ауырдым. Гормон таблеткаларын іштім": Айдана Меденова мінсіз сұлулыққа қалай қол жеткізгені туралы

"Артық салмақ қосып алдым"

Қарағанды облысында жаппай көліктер соқтығысуда (видео)

Жол оқиғасы көктайғаө пен тұманның кесірінен болған көрінеді

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Отыз жылға жуық уақыт бір-бірімізді танимыз

Талдықорғанның көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырған (видео)

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған
Çàãðóçêà...