Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшаны орынсыз шашуға үйретпеу керек": Министр соңғы қоңырауға қатысты мәлімдеме жасады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырауға қатысты ата-аналарға үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

қоңырау

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген министр балаларды орынсыз ақша шашуға үйретпеуге шақырды. 

“Соңғы қоңырау 25 мамыр болып қалады, ол тиісті бұйрықта тұр. Біз балаларымызға ақшаны орынсыз жұмсауға үйретпеуіміз керек. Өйткені мектеп – тәрбие ортасы, өскелең ұрпаққа үлгі. Қазір ата-аналар мейрамхана мен дәмхана іздеп әуре болып жүрсе, онда біз қандай ұрпақ өсіреміз? Сондықтан қарапайым және үнемді болған жөн. Барлық қаражатты мейрамханаларға емес, балалардың әл-ауқатына жұмсаған дұрыс. Ал жинаған ақшаны мейрамханаларға шашу – балалардың болашағы мен әл-ауқатына теріс әсер етеді”, – деді Ғани Бейсембаев.

Еске салайық, Маңғыстауда ата-аналар соңғы қоңырауды тойлау үшін балаларына жасырын түрде үй жалдап берген еді.

Ақ желкен ауылында кезекшілікте жүрген ұстаздар түлектер мектеп бітірулерін жеке үйлерде тойлағанын анықтады. Кафе және мейрамханалармен қатар жеке үйлерде де кеш ұйымдастыруға тыйым салынғанына қарамастан, түлектердің ата-аналары соңғы қоңырауды тойлау үшін жасырын түрде пәтер жалдаған болып шықты. 

Талқылау