Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшаны ысырап ету": Қызметкерлер коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ақылы ПТР-тесттен өтуге міндетті емес

Коронавирус ПТР-талдау нәтижелері бойынша тапсырғандардың 75-80%-ында табылмайды. Бұл туралы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басқарма төрағасы Абай Байгенжин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз - ПТР және ИФА-диагностика (антиденелерге иммуноферменттік талдау) тестілеу жүргізетін аз ғана ұйымдардың біріміз. Бізде ең көп дегенде 20-25% расталады. Қалған 75-80% - алдын алу үшін келген адамдар. Бұл ақшаның ысырабы", - деді Байгенжин коронавирус жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында.

Оның сөзінше, компьютерлік томография (КТ) бойынша да ұқсас жағдай болады. Ал экспресс-сынақтарға тіпті сенуге болмайды. Байгенжин сөзіне қарағанда, ПТР және ИФТ -  жалғыз объективті сынақтар.

Сонымен қатар, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов коронавирусқа ПТР-тест тапсыру туралы жұмыс берушілердің талаптарының заңдылығын түсіндірді.

"Коронавирусқа қатысты жағдай өте күрделі. Мен бәрінен түсіністікпен қарауды сұраймын. Иә, біз бәрін оқып отырамыз, жұмыс берушілердің қызметкерлерден қазір ақылы болған коронавирустың жоқтығы туралы анықтаманы сұрайтынын, талап ететінін", - деді министр.

"Егер мәселені нақты негізге алсақ, онда еңбек заңнамасына сәйкес қызметкердің өз есебінен медициналық тексеруден өту міндеті қарастырылмаған", - дейді Біржан Нұрымбетов.

Ол өндірістік қызметпен байланысты міндетті медициналық тексеру, ауысым алдындағы медициналық тексеру және т.б. бар екенін айтты.

"Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші еңбек ұжымының денсаулығына зиян келтіру қаупін қамтитын кәсіптік тәуекелдердің алдын-алуға жауапты екенін түсіну керек, сондықтан жұмыс берушілер еңбек ұжымын жұқтырудан қорғау үшін қандай да бір анықтамаларды талап етуге мәжбүр болуы мүмкін. Сондықтан талаптарды, ақы төленетін немесе төленбейтін болса да, жұмыс берушілердің өзі белгілемейді", - деп түсіндірді ол.

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Маусым, 2020 14:57
Талқылау