Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақшаны депозитте сақтаған қаншалықты дұрыс: Сарапшылар қаржыны жинаудың тиімді әдісін айтты

1 қарашадан бастап банктер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді төмендетуді қолға алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыздан 16 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. 

Ұлттық банктің қыркүйек айындағы сауалнамасына сәйкес, қазақстандықтардың 58%-ы өз жинақтарын депозиттерде, 31%-ы қолма-қол, 15%-ы жылжымайтын мүлікте, 5%-ы бағалы қағаздарда сақтайды. Кейбір сарапшылар депозиттерде тәуекел жоқ және банктерге деген сенім көп болғандықтан, халықтың көбі сонда сақтайтынын айтты. Бірақ экономист Меруерт Махмұтова өз активтерін көбейтуде таңдау жоқ екенін айтады

“Қалай болғанда да, азаматтар депозитті пайдаланады, өйткені басқасы аса қолжетімді емес. Ақшасы көптер ақшасы жылжымайтын мүлікке салады, біреу бағалы қағаздарға ақша салады, бірақ бұл үшін брокерлермен қосымша жұмыс, қор нарығы туралы қосымша ақпарат керек. Сол депозит кең тараған”, – деді экономист Меруерт Махмұтова.

Сарапшылар кез келген ақшаны депозитке салуға кеңес береді. Қалай болғанда да, бұл ақшаны өзіңізбен бірге алып жүруден немесе үйде жасырудан гөрі тиімдірек. Экономистер депозитті теңгемен және доллармен ашуды дұрыс деп санайды. Доллардағы пайыздық мөлшерлеме минималды, бірақ девальвация рөл атқаруы мүмкін,  кейде 20-25%-ға дейін жетуі мүмкін.

“Ақшаны тек теңгемен ғана емес, АҚШ долларымен де жинақтап, ақылға қонымды етіп қаржыны жұмсау керек. Ұялы телефонда 1 жылға емес, 3-5 жылға, компьютер стационарлық, ноутбуктыақылға қонымды маржамен алу қажет”, – деді экономист Әнуар Нұртазин.

Экономистер әдетте қымбат, бірақ орынсыз және сәнді тауарларға ақша жұмсамауға кеңес береді. 

Бүгінгі таңда қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерде 18 триллион теңгеден астам ақша сақтайтыны белгілі.

Талқылау