AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшаны аударып, қосымшаны телефоннан өшіріп тастаған": Ақмола облысында полицей қайтыс болған азаматтың есепшотынан ақша ұрлаған

Ақмола облысындағы Степногорск қаласында полиция қызметкері қайтыс болған азаматтың телефонын пайдаланып, есепшотындағы қаржыны өзіне аударып алған. Марқұмның қызының сөзінше, әкесі 2021 жылдың 8 қарашасында жұмыс орнында қайтыс болған. Ал тергеу кезінде тергеуші интернет-банкинг арқылы 38 606 теңгені басқа есепшотқа аударған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

банкинг

Олеся Райзер тергеушіден әкесінің телефонын алған соң Kaspi Bank қосымшасының өшіп қалғанын көрген. 

"Әкем егде жасқа келген соң интернет-банкингке кіруге арналған логин мен құпия сөзді өзім қойғанмын. Сонымен қатар қайтыс болар алдында 15 000 теңге аударғанмын. Қосымшаны қайта жүктеген соң биометриялық сәйкестендіруден өте алмадым. Ал компьютер арқылы жеке кабинетке кіргенде соңғы рет Аягөз А. есімді азаматқа 15 сағат 32 минут бұрын 38 606 теңге аударылғанын көрдім", – деп жазды ол Facebook парақшасында. 

Алайда ақшаны кім шешіп алғаны туралы сұрағанда мардымды жауап ала алмаған. Сондықтан полицияға арыз түсірген. 

"Мәселе ақшада емес, анамның "жерлеуге ақша керек" деген жалған өтінішін желеу етіп өлген адамның есепшотынан ақша шешіп алуда. Алайда бұл кезде анам әкемнің дүниеден өтіп кеткені туралы да білмеген. Ал ұялы телефон Ермек Р. есімді тергеушінің кабинетінде, сейфте емес, жұмыс үстелінің үстінде тұрған. Әрі әкемнің туған күні жайлы ақпарат қолында болды. Тергеу нәтижесінде ақпараттар жүйесін заңсыз қолдана отырып ақша ұрлау дерегі расталды", – деп қосты ол. 

Бұл бабқа сәйкес полицейге 3 мың АЕК көліменде айыппұл немесе мүлкі тәркілене отырып 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы не болмаса 1 200 сағат түзету жұмыстары тағайындалуы мүмкін

"Тергеу 2021 жылдың қарашасында басталды, сот мамырда басталды. Бірақ мұның шегі жоқ. Сот отырысы үнемі кейінге шегеріледі, себебі құзырлы органдар куәгерлердің толық қатысуын қамтамасыз ете алмайды. Ал күдікті үшінші тұлғалар, соның ішінде туыстары арқылы маған және анама қысым көрсетті. Мақсаты – арызды кері қайтарту. Қазір бұл адамды ақтап алуы мүмкін деген ақпарат тарады. Дегенмен дәлелдер базасы бар, тергеушінің ұялы телефонындағы жазба бар. Әрі күдіктінің ақшаны терминал арқылы менің есепшотыма қалай салғаны көрінетін бейнежазба да сақтаулы", – дейді әйел. 

Күдікті өтірік детекторынан өтуден бас тартқан. Сондай-ақ кінәсін мойындамай, жауабын бірнеше рет өзгерткен.

Stan.kz тілшісінің сауалынан кейін Ақмола облысыны полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"2021 жылдың 15 қарашасында бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2022 жылдың 31 наурызында Рамазанов Е.С. іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы "Ұрлық" бойынша өзгертілді. Яғни бөтеннің мүлкін заңсыз ақпаратқа қол жеткізу арқылы ұрлау. 18 сәуірде Рамазановқа қатысты айыптау актісі толтырылып, қылмыстық іс облыс прокуратурасына жіберілді. Кейін іс сотқа бағытталды", – делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Ақмола облысы полиция департаменті басшысының бұйрығымен тергеуші ішкі істер органынан жұмыстан шығарылған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр