Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшаға сатылған": Амантай қажы журналистерді жалған ақпарат таратты деп айыптады

Амантай қажы өзіне тағылған айыппен кеіспейді

Фото: Видеодан скрин

Күні кеше әйелді баспалдақтан итеріп жіберді деп айыпталған Амантай қажы өзіне жала жабылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтқан ол болған жағдайға журналистерді кінәлады.

“Мына оңбаған, ақшаға сатылған журналистер өтірік айтады, коррупцияның малайлары. Мені 15 күн түрмеде отырсын дейді. Қандай ұят?! Мен үйде отырып, демалып отырмын, намазым қабыл болсын. Асында бата беріп, бүкіл халықтың ризашылығын алдым. Қазағым, елім, жерім, Қазақстан ұлы, мықты, мәртебесі биік ел болады. Тоқаев аман болсын”, – деп сөзінің соңын батамен аяқтады.

Желі қолданушылары қарияны жерден алып, жерге салды.

“Бұл неге еркіндікте жүр? Адам денсаулығына қасақана зиян келтірді емес пе? ”, “Ішінде жын отыр, кәрі қақпас. Жинаған ақшасын әйелдің емделуіне жұмсасын”, “Полиция үстінен іс қозғамады ма”, – деп жазды желідегілер.

Еске салайық, әлеуметтік желіде белгілі қоғам белсендісі, 83 жастағы Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені түсірілген видео тарады. Салдарынан жәбірленушінің жамбасы сынған. Зардап шеккен әйелдің қызы оқиғаның қалай болғанын баяндап берген еді.

Айым Болатқызы
Жұма, 18 Шілде, 2025 10:49
Талқылау