Ақша жинағаны үшін мектеп директорынан қысым көрген тараздық мұғалім министрден көмек сұрайды
Таразда бастығымның айтқанына көнбегенім үшін басым дауда қалды деген ұстаз білім министрінен араша сұрайды.
Айтуынша Тараздағы №1 гимназияда ақша жинау әдетке айналған, деп хабарлайды 31 арна.
Ал үздік ұстаздармен зейнетке шыққандарға алтыннан алқа тағу оқу ордасының дәстүріне айналды дейді. Директор бекіткен дәл осы дәстүрге қарсы шыққаным үшін қысым көрдім деп отыр Шолпан Алдиярова.
Бұл №1 Әлихан Бөкейханов атындағы гимназия. Он жыл осында математика пәнінен дәріс беретін Шолпан онсыз да ақша жинауымыз аздай алтын үшін айлығымызды беруге қарсымын дейді. Айтуынша, осыған қарсы болам деп директорының көзіне күйік болыпты.
Қазір бастығым ұжым арасында «ақ қарға» қылып қойды деп ұстаз жыларман. Жиналыста шамыма тиер сөз айтып намысымды таптады дейді. Онысын аудио таспаға басым алдым дейді. Айтқан жазбасы осы.
Айтса айтқандай-ақ жарыстарда жеңімпаз болған ұстаздарға алтыннан алқа тағу дәстүр екенін директор да растайды. Онысын әбестік көрмейтін сыңайлы.
“Алтын алқа емес мынандай кішігірім қолына цепочка тақтық. Енді бұл жерде облыстың аты шықты, қаланың мектептің аты шықты. Ұжымның өзінің бірлесіп отырып шешкен өздерінің ойы. Мұғалімге қолдау жасау. Енді бір сый жасалған ғой”, – дейді №1 Әлихан Бөкейханов атындағы гимназия директоры Ләззт Қызылғұлова.
Қалалық мәслихат депутаты әрі директоры Қызылғұлова ханым айтып отырған алқа соңғы рет үздік ұстаз дәрежесін алған мұғалімге жаңа жыл қарсаңында беріліпті. Әріптесіме сый-құрмет көрсетуге Шолпан да қарсы емеспін дейді. Тек алтын тақса мұғалімнің қалтасынан емес өз қаржысынан төлеуі тиіс деп санайды. Сондықтан енді директорын сотқа бермек.
Тағы да оқыңыз:
Мәскеуде қылмыс әлемінде Сақал деген лақап атпен танылған топ мүшелерін өлтіріп кетті
Ішімдік ішіп жарысқан қазақ қыздары жұрттың ашуын келтірді (видео)
Ақтөбенің оңалту орталығында көрпе тысы мен перделерге дейін жеп қоятын науқас балалар бар