Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша расымен бақыт әкеледі ме: Жапондық миллиардер 9 миллион доллар үлестіріп бермекші

Жапондық миллиардер Юсаку Маэдзава өзінің Twitter-дегі парағында тоғыз миллион доллар үлестіріп беретіндігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кәсіпкердің айтуынша, ол осылайша "қоғамдық эксперимент" жасап көрмекші екен. 

"Өз күшімен қомақты ақша таба алмай жүрген біреуге жәрдемдесіп, оған үлкен сомада қаражат табыстаса, оның өмірі расымен де өзгереді ме? Өз айналасың өзгерте алады ма?", - деп жазыпты миллиардер парақшасында. 

Миллардер  1000 оқырманға 1 миллион иен (шамамен тоғыз мың доллар) үйлестіретіндігін жеткізген. Сөзінше, жолы болғыш азаматтар кездейсоқ жазбаны таратқан адамдардың ішінен таңдалынып алынады. Десек те берілген ақшаның расымен де азаматтың өмірін өзгерте алуы сауалнама түрінде тексеріліп тұрады. 

Бұған дейін жапондық  Zozo киім дүкенін ашқан кәсіпкер 100 адамға 100 миллион йен (900 мың доллар) үйлестіріп беріпті. Оның жазбасы Twitter-дегі ең көп оқылғандардың бірі болыпты. 


 

Талқылау