Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақша болмаса, несие алу керек": Сыртқы істер министрлігі Дубайдағы консулдың сөзіне қатысты пікір білдірді

Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Дубайдағы консулының "егер ақша болмаса, несие алуға болады" деген сөзіне қатысты пікір білдірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Консул бұған дейін отандастарға елге қайту үшін несие алуға кеңес берген. Сыртқы істер министрлігі дипломатпен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлады.

Дипломаттың видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Бейнежазбада консул Біріккен Араб Әмірліктерінде қалып қойған қазақстандықтарға тұру ақысын төлеу және әуе билеттерін сатып алу үшін несие немесе қарыз алу ұсынған.



Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифинг барысында бұл орынсыз айтылған сөз эмоционалдық қысымның әсерінен болғанын түсіндірді.

"Профилактикалық әңгіме жүргізілді. Мүмкін, эмоциясын ұстай алмаған шығар. Жас қызметкер болғандықтан ойын толық әрі дұрыс жеткізбеген. Шетелдегі дипломаттар мен консулдардың басты міндеті – Қазақстан азаматтарына барлық қажетті көмекті көрсету. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі", – деді Жетібаев.

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың елге оралуында қиындықтар аймақтағы әскери қақтығыстың ушығуына байланысты туындады. Израиль, АҚШ және Иран арасындағы өзара соққылардан кейін, олардың әсері БАӘ мен Катар аумағына да тиіп, әуе қатынасы ішінара бұзылған.

Еске салайық, бұған дейін сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты қазақстандықтарға бірқатар елдерге барудан бас тартуды ұсынған еді. Сондай-ақ өңірде жүрген азаматтарды қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жергілікті билік нұсқауларын орындауға шақырды.

Осыған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 7300-ден астам қазақстандық эвакуацияланғанын жазғанбыз.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 19:07