AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақша беріп, кезектерін жылжытып жатыр": Шымкентте ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар шу шығарды

Шымкентте көпбалалы әрі ерекше бала тәрбиелеп отырған бір топ  ана бүгін қалалық әкімдікке келіп шу шығарды. Олар пәтер кезегін жылдар бойы күтудеміз, бірақ кезек мүлдем жылжымайды дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Жиналғандар үй кезегін күтіп жүргендеріне 10 жыл болғанын алға тартты.  Көшіп-қонып шаршадық дейді олар. Науқас баламен пәтерден пәтерге ауысу тіпті оңай емес екенін айтады. Осыған дейін талай табалдырықты тоздырған аналар  басыбайлы баспананың қашан бұйыратынын қала әкімі Мұрат Әйтеновтың өз аузынан естиміз деп келген көрінеді.  

Көпбалалы Салтанат Сағындықова кезекке 2014 жылы тұрған. Айтуынша, бес баласымен жатақхананың небәрі 18 шаршы метрін 30 мың теңгеге жалдап тұрады. Бірақ енді оның өзін босатуым керек дейді. Себебі, иесі пәтерді сатып жіберген.     

“Бес баламен мені еш жерге квартираға алмай жатыр. Қайтемін мен?! Әйтеновке келіп тұрмыз, міне. Шықпай жатыр. Алдыңғы аптада да келген едік, шықпай жатыр енді  кездесіп сөйлесейік десек. Қазір 2148 болып тұрмын. Жылжып жатқан жоқ мүлдем. Көпбалалы болып та тұрмын және ерекше балалы болып та тұрмын”, – дейді көпбалалы ана Салтанат Сағындықова. 

Жалғызбасты ана Айгүл Темірханова да кезектің тым баяу жылжып жатқанын айтады. Жылдар бойы осылай сенделіп жүрміз деп налиды.  

“10 жыл бұрын 6 мың бірдеңесінші боп тұрғам,  7 мыңға жуық тұрғам. Қазір  1742 болып тұрмын. 10 жылдан бері жылжығаны сол ақ болды. 2017 -18 де тұрған мамашалар тоже ерекше балалары бар солар олар менің алдымда тұр. Мен оның бәрін тексердім, бәрі ақша беріп, квартираны алып жатқан кілттері бар”, – дейді Айгүл Темірханова. 

Жауапты өкілдер мұның шындыққа жанаспайтынын айтады. Баспана кезек ретімен ғана беріледі. Қазір қала бойынша тізімде 48 мың адам бар. Соның 17 мыңнан астамы әлеуметтің әлсіз тобына жатады.  Ал ерекше бала тәрбиелеп отырғандарға биылға көзделгені бары жоғы – 218 пәтер дейді.  Кезектің жылжуы тұрғын үйлердің санына байланысты екенін айтады.  

“Кезек бойынша біз 2012 жылдың тамыз айында тіркелгендерді қазір қамтып жатырмыз. Бұл кісілердің әлі кезек реті келген жоқ. Кезек ретімен қамтыласыздар дегенді түсіндіріп жатырмыз. Бірақ бұл кісілер қазіргі талабы уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұрап жатыр. Бұл кісілерге уақытша тұрғын үй бойынша заңдылықтары түсіндірілді. Ондай тұрғын үй заңмен қарастырылмағандығы”, – дейді Шымкент қаласы тұрғын үй басқарамасының бөлім басшысы Жұлдызай Ордабекова.

Ал кезекті ұзақ күткісі келмегендер үшін  "Бақытты отбасы" бағдарламасымен жылына 2 пайыздық несие қарастырылған дейді мамандар. Сол арқылы баспаналы болуға мүмкіндік бар екенін айтады.   Алайда ерекше баламен онсыз да үйден шыға алмаймыз деген аналар бұл ұсынысты қабылдай қоймады.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр