Ақша алып қашқан Дубай басшысының әйелі оққағармен көңіл қосты деп айтыпталды
Ақша алып қашқан Дубай басшысының әйелі оққағармен көңіл қосты деп айтыпталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Times басылымына сілтеме жасап.
Ақша мен балаларын алып, күйеуінен қашып кеткен Біріккен Араб Әмірліктерінің ханшайымы Хая күйеуінің көзіне шөп салған деп айыптаған. Дубайдың басшысы Мохаммеда бин Рашид шейхтың алты әйелінің бірі 40 миллион доллар және 11 жастағы қызы мен 7 жастағы ұлын алып, Германияға қашып кеткен.
Хая ханшайымды күйеуі Мохаммед бин Рашид оққағарымен Лондонға жасаған сапарында ұстап алған. Ол әйелінің қылығына таңқалып, өзімен бірге Дубайға қайтуын талап еткен. Ханшайым келісім бермегендіктен отбасы ажырасып жатыр.
Деректерге сүйенсек, 60 жастағы шейхтың 45 жасар әйелі британ армиясының бұрынғы әскері, өзінің оққағарымен көңіл жарастырған. Ол оққағарына көптеген сыйлық сыйлап, күдікке ілінді.
Талқылау

Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайдан тамақтана алады: Қытай асханасына шолу
Қытайда жүріп, қытай асханасынан тамақтана алмасаңыз, ливан не түрік асханасына барсаңыз болады немесе фастфудқа тапсырыс беріңіз

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
Заңгер мұндай ескертулер біреудің ар-намысына тисе, шағымдануға болатынын айтты