Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ ұшағының қозғалтқышы ұшу кезінде жарылып, бір жолаушы қайтыс болды

Southwest Airlines компаниясының 1380 рейсі Филадельфияда апатты түрде жерге қонуға мәжбүр болды. Себебі ұшу кезінде ұшақтың қанаттары, фюзеляжы мен терезелері зақымдалған. Оқиға сейсенбі күні таңертең Нью-Йорктен Далласқа қарай бағыт алған «Боинг» 737-700 ұшағында болды. Бортта 143 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.

АҚШ ұшағының қозғалтқышы ұшу кезінде жарылып, жолаушы қайтыс болды

Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан кейін әйелдердің біреуін сынған терезе жарым-жартылай өзіне қарай тартып алған. Абырой болғанда басқа жолаушылар оны артқа қарай тартып үлгерген.

АҚШ ұшағының қозғалтқышы ұшу кезінде жарылып, бір жолаушы қайтыс болды

Диспетчерлер кабинадағы ұшқыштардың біреуінің айтқан сөзін жазып алған екен. Онда ұшқыштар әуе кемесінің зақымданғанын және бір жолаушының ұшақтан ұшып кеткенін айтты.

«Бізде мұнда тесік бар екен, ол жерден біреу ұшып кетті»,-деген ұшқыштардың бірі.

Бұл 2009 жылдан бері американдық жолаушылар ұшағының бортында жолаушының өлімі болған алғашқы оқиға.

Айта кетейік, Филадельфиядағы апатты қондыру 15.20-да аяқталды және сәтті өтті.

Тағы да оқыңыз:

Америкалық актриса бақшасында Қазақстаннан әкелінген қауынды өсіретінін айтып, мақтанды

Голливуд сүйіктісіне айналған 53 жастағы миллиардер ауыруды басатын дәрілерді ішіп қайтыс болды

Жасөсіпірім сабақ үстінде мектептегілерге пышақпен шабуылдап, сыныпты өртеп жіберген (видео)

Амстердамда өзіне қол жұмсайтындарға арналған үйшік жасалды

Талқылау