АҚШ Украинаға бюджеттік қолдау ретінде тағы 3,4 миллиард доллар бөлді
АҚШ Украинаға бюджеттік қолдау ретінде 3,4 миллиард доллар бөледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images
Украинаға қаражат бөлу туралы АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен мәлімдеді.
“Біз Украинаға тікелей бюджеттік қолдауды Ресей украиналық бейбіт тұрғындарға және маңызды инфрақұрылымға шабуылдарын күшейткен кезде жасаймыз. АҚШ пен одақтастарымыздың экономикалық көмегі Украинаның маңызды мемлекеттік қызметтерді сақтай отырып, егемендігін қорғау және әділ бейбітшілікке қол жеткізуі үшін өте маңызды”, – деді ол.
Канада Трамптың қоқан-лоқыларына жауап ретінде АҚШ-тағы электр қуатын өшіретінін айтты
Оның айтуынша, 3,4 миллиард көлеміндегі көмек Конгресс 2024 жылы Украинаны қолдауға бөлген пакеттің соңғы төлемі болып табылады.
"Біздің тікелей бюджеттік қолдауымыз құқық қорғауды күшейту, мемлекеттік органдарды ашық әрі тиімді ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен рәсімдерді күшейту бойынша реформаларды қамтуды жалғастыруда", – деп қосты Йеллен.
Еске салсақ, Трамп атысты тоқтату режимін сақтау үшін еуропалық әскерлерді Украинаға жіберуді ұсынған еді.

"Қабырғалары бір жыл болмай жарылып, құбырлары істен шыққан": Алматыдағы қай тұрғын үй кешеніне тұрғындар көп шағымданады
