АҚШ тұрғынының бетіндегі безеу терінің қатерлі ісігі болып шықты (фото)
40 жастағы Кили Джонсты косметолог маман дермотологқа жіберіпті. Бірақ әйел шекесіндегі кішігірім дақтың тері қатерлі ісігі болып шығатынын ойламаған екен, – деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеп Stan.kz.
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының тұрғыны Кили Джонстың өзінің косметикалық компаниясы бар. Ол сырт келбетін барынша күтеді және күн астында жүрмеуге тырысады.
Бірде оның компаниясында қызмет ететін косметолог Килидің шекесіндегі кішігірім қызыл даққа көзі түсіп, дермотолгқа қаралуға кеңес береді. Кили тексеруден өткеннен кейін, шекесіндегі дақтың терінің қатерлі ісігі екенін білген.
«Мен шекемдегі дақты кәдімгі безеу екен деп ойладым. Бірақ оны сыққан сайын көп қан шығатын. Мен солярийге бармағанмын, күнге қыздырынбаймын. Себебі одан кейін бетімде бөртпелер пайда болады», – дейді Кили Джонс.
Нақты диагноз қойылғаннан кейін қатерлі ісікті түгелдей жою үшін, Килиге 3 рет ота жасалған. Алайда әйелдің шекесінде тесік қалып қалған. Оны тігу үшін дәрігерлер 20 тігіс салыпты. Бірақ Кили сұлулық саласында қызмет ететініне қарамастан, шекесіндегі тыртықтан еш қысылмайды екен.
«Сырт келбетім әрдайым тамаша көрінгенін қалаймын. Бірақ шекемдегі тыртық үшін аздап ұяламын. Дәрігерлер тігісті алғаннан кейін, тыртықтың орын білінбейді. Ендігі тағы да тексеруден өтетін боламын. Себебі терімде тағы да қатерлі ісік пайда болуы мүмкін», – дейді Кили Джонс.
Кили өз оқиғасы арқылы барлық әйелді терісін мұқият күтуге шақырады. Оның айтуынша, тіпті күнге қыздырынбасаңыз да, теріңізде қатерлі ісік пайда болуы мүмкін. Сондықтан жиірек дермотологқа қаралып, содан кейін ғана косметологтың көмегіне жүгінгеніңіз жөн.
Оқи отырыңыз:
Үндістанда әйел су перісіне ұқсайтын сәбиді дүниеге әкелді (фото)
Науқастар Денсаулық сақтау министрін сөзінде тұрмады деп айыптады
Инсульттен қайтыс болған ер адам 3 адамның өмірін құтқарып қалды
Атырауда судьялар сотталушыдан жазасын қысқарту үшін 20 мың доллар мен үй сұраған