Америкалық әйел бір уақытта 17 ұл бала босанды (фото)
АҚШ-тың Индианаполис аймағының тұрғыны бала саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты. Ол бір уақытта 17 сәбиге өмір сыйлады.
Әйел балаларын 29 сағат бойы босанған екен. Дәрігер Джек Морроу мұндай жағдаймен алғаш рет кездесіп отырғанын айтты. Тіпті, әйелді босандыру арқылы көп тәжірибе жинағанын жасырмады. “Сәбилер жарық дүниеге бірінен соң бірі келіп жатты! Барлығы ұлдар! Шынымды айтсам, қатты қорқып қалдым. Бұл оқиғаны ұзақ уақыт бойы ұмыта алмай жүретін шығармын”, – дейді дәрігер.
Кэтрин Бриджес пен оның күйеуі ұзақ уақыт бойы перзент сүйе алмай жүрген екен. Қос ғашық бедеуліктен емделу үшін Родос аралындағы клиникаға барған. Аталған мекемедегі дәрігерлердің көмегі оң нәтижесін берді. Олай болса, Кэтриннің 17 ұлымен таныс болыңыздар: Джеймс, Джакоб, Джаред, Джервис, Джейсон, Джеффри, Джереми, Джером, Джесс, Джимми, Хоаким, Джонатан, Джонас, Джозеф, Джулиан, Джимбо және Дарт Поркинус.
Жіберіп алмаңыз:
Профессор: Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы енді жақсармайды
ОҚО-да Қайрат Нұртас мүгедек балаларға тосынсый жасады (видео)