Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың жоғарғы соты 17 жылдық үзілістен кейін өлім жазасына үкім етті

АҚШ-тың жоғарғы соты 17 жылдық үзілістен кейін қылмыскерді өлтіруге үкім етті. Федералды деңгейде екінші өлім жазасы 2020 жылдың 14 шілдесін өткен еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CBS News басылымына сілтеп хабарлайды.

кылмыс

Судьялардың басым бөлігі қылмыскер — Уэсли Ира Пуркиді (Wesley Ira Purkey) өлім жазасына кесуді сұрап дауыс берген. Ол 16 жасар жеткіншекті хайуандықпен зорлап, аяусыз өлтірген екен. Қылмыскерді өлтіру 21 шілдеде Индиана штатындағы Терра-Хот федералды түзеу кешенінде өтеді.

Бес төреші өлім жазасын жақтап дауыс берсе, төртеуі — қарсы екенінін білдірген. Судья Соня Сотомайор (Sonia Sotomayor) Пурки адвокаттарының мәлімдемесінде қылмыскердің деммениядан зардап шегетінін көрсетілген деп айтты. Адвокадтардың пікірінше, бұл жазаны жеңілдетуге себеп бола алады және қылмыскерді өлтіруге болмайды.

Бұл федералдық деңгейде өлім жазасын өткізген соңғы 17 жылдағы екінші оқиға. АҚШ-та 14 шілде бір отбасының үш адамының өліміне кінәлі деп танылған Ли Даниэль Льюиске қатысты бірінші федералды өлім жазасын кескен болатын.

Осыған дейін федералдық деңгейдегі соңғы жазалау 2003 жылы жүргізілген, бұл ретте федералдық түрмелерде ең жоғары жазамен сотталған 60-қа жуық адам ұсталған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр