Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу америкалық көшбасшы Джо Байден мен Орталық Азия елдерінің басшылары қатысқан "С5+1 "саммиті негізінде Қазақстанға келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының көмекшісі Азиядағы бірнеше елге сапар шекпек.

"АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу 4-11 қараша аралығында Қазақстанға, Өзбекстанға және Үндістанға барады. Лу қыркүйек айында БҰҰ бас ассамблеясында өткен "С5+1" бірінші президенттік саммитінің және қазан айында "С5+1" өңірлік министрлік кездесуін жандандыру үшін Орталық Азиядағы АҚШ делегациясын басқарады", – деп хабарлады Америка мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі.

Содан кейін Лу Үндістанға "2+2"форматындағы американдық-үнділік Министрлер диалогын дайындау және қолдау үшін барады.

Астанада Лу үкіметтің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесіп, АҚШ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік диалогына қатысады.

“Кездесу барысында Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан саясат пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, экономикалық әріптестікті, адам құқықтарын қорғауды және адамдар арасындағы байланысты қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар мәселелерді талқылайды. Ол, сондай-ақ, әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту және БАҚ бостандығы үшін азаматтық қоғаммен өзара әрекеттеседі", – делінген хабарламада.

Талқылау