Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың қор нарығы құлдыраса, еуропалық бағалық қағаздар өсуде: Өткен аптадағы өзгерістер

21 қазан күнгі мәліметтер бойынша KASE индексінің мәні 0,89%-ға өсіп, 3 098,73 тармаққа жетті. Қор нарығындағы 17-21 қазан аралығында орын алған айтулы өзгерістерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Өкілдік тізімдегі акциялар арасында мәмілелердің ең көп саны "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ акцияларына тиесілі: бір аптада аталмыш бағалы қағаздармен 933 мәміле жасалған. Мәмілелердің ең көп көлемі де "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ еншісінде – 125,2 млн теңге. Өсім төрт эмитенттің – "Банк ЦентрКредит" АҚ (+1,12%), "Кселл" АҚ (+0,77%), "Kaspi.kz" АҚ (+1,58%), "Қазақтелеком" АҚ (+2,41%) акцияларында байқалды.

Уолл-стритте бейсенбі күнгі сауда-саттықта алғашқыда өсім байқалса, кейіннен көрсеткіштер қайта түсті: Dow Jones индексі 300 тармаққа төмендеп, 30 400-ге саудаға түсті, ал S&P 500 және Nasdaq сәйкесінше 0,8% және 0,6% төмендеді. Бұған өз кезегінде АҚШ-тың федеративті резервтер жүйесінің инфляцияны 2% мақсатты деңгейін ұстап қалу үшін биылғы пайыздық мөлшерлемесін 4%-дан жоғары көтеріп, сол көрсеткішті өзгертпеуге тура келетінін жариялауы әсер етіп отыр. Бұдан бөлек AT&T және IBM компанияларының кірістері болжамдардан асып түскеннен кейін олардың акциялары сәйкесінше 7% және 4%-дан асты. 

Бейсенбіде еуропалық акциялар біршама жоғары деңгейде жабылды, неміс DAX және STOXX 600 акциялары сәйкесінше 0,1% және 0,3%-ға өсті. Бұл технологиялық және мұнай-газ қорларындағы өсіміне байланысты болып отыр. Сонымен қатар Лиз Трасстың Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінен кетуі де еуропалық қор нарығына оң әсерін тигізбей қоймады. 

Азия қор нарықтары негізінен жаһандық облигациялар кірістілігінің қысымымен жұма күні құлдырады. Қытайлық Shanghai Composite 0,1%-ға көтеріліп, 3038 тармаққа жетті, ал Shenzhen Component 0,05%-ға төмендеп, 10 960 тармаққа жетті. Жапонияда Nikkei 225 0,15%-ға, яғни 26 967-ге дейін төмендесе, ауқымды Topix жұма күні Жапониядағы инфляциялық қысымның кеңеюін көрсететін статистика жарияланғаннан кейін 0,35%-ға, яғни 1,889-ға дейін төмендеді. Жалпы инфляция энергия бағасын қоспағанда 3% деңгейінде қалса, базалық инфляция 2,8%-дан 3%-ға дейін өсті.

Мәскеу биржалық индексі бейсенбінің нәтижесі бойынша 2,38%-ға өсіп, 2025,51 тармаққа жетті.

Айта кетсек, қазақстандықтардың қаржы сауаттылығын арттырып, қор нарығына бет бұруына Jusan айтарлықтай өз үлесін қосуда. Мәселен, бағалы қағаздар мен биржа тақырыбына қызығушылығы бар азаматтардың Jusan Invest сайтындағы "Jusan Academy" бөлімінде тегін білім алып, оқуын аяқтаған соң сертификат алуына болады. Одан бөлек, сайтта балаларға қаржыны басқаруды үйретуге бағытталған Jusan Junior ақысыз курсы да бар.

Барлық курсты сәтті аяқтап, инвестиция саласына аяқ басуды ұйғарғандар Jusan қосымшасы арқылы Jusan Invest-те тегін шот аша алады.

Егер Jusan клиенті болсаңыз, сіз “Инвестициялар” бөліміне өту арқылы автоматты түрде шот аша аласыз. 

Ал егер бұрын банктің қызметін қолданбаған болсаңыз, алдымен Jusan қосымшасын жүктеп, тіркеуден өтіңіз. Барлық тіркеу процесін аяқтаған соң, “Инвестициялар” бөліміне өтіп, “Шот ашу” түймешесін басыңыз. Көрсетілген нұсқаулықтарды орындап, шешіміңізді SMS-код арқылы растаңыз. 

Дидар Халық
Дүйсенбі, 24 Қазан, 2022 09:51
Талқылау