АҚШ-тың 39-президенті қайтыс болды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер 100 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: takvim.com.tr
Экс-президенттің қайтыс болғанын ұлы хабарлады.
Джимми Картер 1977 жылдан 1981 жылға дейін президент қызметін атқарды.
1979 жылы оның әкімшілігі кезінде АҚШ пен Кеңес Одағы ОСВ-II стратегиялық қару-жарақтарды шектеу туралы келісімге қол қойды.
Ол 1980 жылы қырғи-қабақ соғыстың қызған шағында Мәскеуде өтетін Олимпиада ойындарына бойкот жариялаған. 2002 жылы Картер бітімгершілік күш-жігері үшін Нобель сыйлығын алды.
Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп елдің "бұрынғы президент Джимми Картерге қарыз" екенін айтты.
"Truth" әлеуметтік платформасындағы жазбасында Трамп 39-шы президенттің елге маңызды кезеңде қызмет еткенін айтты.
Картер америкалық көшбасшылардың ішінде ең ұзақ өмір сүрген адам.
Еске салайық, бұған дейін 6 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. Қазақстан президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.