Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың болашақ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға салынған шектеулерді алып тастауды ұсынды

Трамптың АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы лауазымына ұсынған кандидаты Марко Рубио Орталық Азия республикаларына салынған Джексон-Вэник шектеулерін алып тастауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Reuters

Саясаткер бұл шектеулерді “қырғи-қабақ соғыстың қалдығы” деп атады. 

Джексон-Вэник түзетуі 1974 жылы АҚШ-та қабылданды. Бұл түзету азаматтардың еркін эмиграциясына кедергі келтірген социалистік елдермен сауда қатынастарын жүргізуді шектеген. Еврейлердің елден шығыуына қатаң шектеу қойған КСРО-ға қысым көрсетуге басты назар аударылған. Уақыт өте шектеулердің бастапқы мақсаты өзектілігін жоғалтқанымен, бұл түзету АҚШ-тың бірқатар посткеңестік мемлекеттермен қарым-қатынасына әсер етіп, ресми түрде күшінде қалды. 



Біз қызығы қазір Ресей үшін бұл шектеулер алынып тасталғанымен, Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Беларусь сияқты елдерге қатысты өз күшінде қалған. 

"Менің ойымша, бұл өткен дәуірдің қалдығы. Кейбіреулер бұл түзетулерді адам құқықтарын қорғау немесе Орта Азия елдерін Ресейдің емес, біздің жолды ұстануға мәжбүрлеу үшін қолданылуға болады деп ойлайды. Бірақ менің ойымша, бұл абсурд", – деді Марко Рубио. 

Сондай-ақ ол АҚШ Сауда министрлігінің Қазақстанды бұған дейін нарықтық экономика деп танығанын да атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Жапония билігінің Украинадағы соғысқа байланысты қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізгені туралы жазған едік. 

Талқылау