Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тағы қақтығыста қазақстандықтар зардап шекті ме: Министрлік жауап берді

ҚР сыртқы істер министрлігі АҚШ-та болған қақтығысқа отандастарымыздың қатыспағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кейбір әлеуметтік желілер АҚШ-тағы наразылық акциялары кезінде бір қазақстандықтың қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Ол жерде наразылық шараларын тоқтату барысында отандасымыздың көз жұмғаны туралы айтылған.

Бұл хабарлама алғаш АҚШ-тағы қазақ жастарының арасында таралып, кейін елге жеткен. 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат расталмағанын хабарлады. Министрліктің айтуы бойынша АҚШ-тағы қақтығыстарда қазақстандық азаматтар зардап шеккен жоқ.

"Қайтыс болғандардың арасында біздің азаматтар жоқ", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 08 Маусым, 2020 10:03
Талқылау