АҚШ-тағы дефолт: Американың қаржы министрі дағдарыстың жақындағанын мәлімдеді
АҚШ-тың қаржы министрі Джанет Йеллен 1 маусымда Америкада дефолт болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ТАСС басылымының мәліметінше министр дефолт жайлы ескертпені дүйсенбіде Конгресс басшылығына жіберді.
"Егер Конгресс 1 маусымға қарай мелекеттік қарызды тоқтата тұру немесе оны көтеруге қатысты шара қабылдамаса, қаржы министрлігі үкіметтің барлық міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайға жетеді", - делінген хатта.
Джанет Йелленнің сөзінше, бұл мәселені тезірек шешпесе, "іскерлік және тұтынушылық сенімге орасан зор нұқсан келеді және АҚШ-тың несие рейтингіне кері әсер етеді".
Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар АҚШ экономикасының құлауы Қазақстанға қалай әсер ететінін түсіндіріп берген еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді