АҚШ-та жүк көлігі аударылып, қауіпті вирус жұқтырған маймылдар қашып кетті (видео)
Фото: The Guardian
АҚШ-та жүк көлігі аударылып, салдарынан қауіпті вирустарды тасымалдауы мүмкін бірнеше маймыл қашып кеткен. Олардың біреуі әлі табылмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, Миссисипи штатында гепатит С, герпес және COVID-19 вирусын тасымалдауы мүмкін маймылдар тиелген жүк көлігі аударылған.
“Билік мәліметінше, бір маймыл әлі табылмай жатыр. Маймылдар торда болған, ал жүк көлігі I-59 федералды тас жолында, Гейдельберг қаласының солтүстігінде апатқа ұшыраған”, – делінген хабарламада.
Жүй көлігі маймылдарды Флорида штатындағы арнайы зерттеу орталығына апара жатқан.
The Guardian мәліметінше, салмағы шамамен 12 келі болатын маймылдар агрессивті мінез көрсеткен. Сондықтан оларға жақындау үшін тек жеке қорғаныс құралдарын киюге рұқсат етілген.
Вьетнам мен Таиландқа демалуға барған үш қазақстандыққа маймылдар шабуыл жасады
"Мыңнан астам жағдай тіркелді": Африкада маймыл шешегінен өлім-жітім көбейіп жатыр
“Кейін жергілікті полиция өкілдері бір маймылдан басқасының бәрі жойылғанын хабарлады. Қазір соңғы маймылды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Әйел асыранды баласын маймылға айырбастамақ болғаны туралы жазған едік.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді