АҚШ-та жолаушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады: Аман қалғандар жоқ

Фото: X/RoosterGM
Америкада 6 қыркүйекте Миннесота штаты, Лейквилл қаласының шетіндегы шағын Эйрлейк әуежайының маңында тікұшақ құлап, өртеніп кетті. Әуе кемесінде қанша жолаушы болғаны туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция офицерлер құлаған Robinson R66 тікұшағын жергілікті уақыт бойынша сағат 14:45 шамасында тапқанын мәлімдеді.
“Тікұшақ белгісіз жағдайларда құлап, содан кейін өртке оранды”, – деп мәлімдеді АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі.
Бортта қанша адам болғаны әзірге белгісіз. Бірақ жергілікті билік тікұшақтаға адамдардың ешбірі аман қалмағанын жеткізді.
Оқиғаны NTSB мен FAA бірлесіп тергеп жатыр.
Лейквилл қаласы Миннеаполистен оңтүстікке қарай шамамен 30 шақырым, ал Сент-Полдан оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан.
Robinson R66 – бір қозғалтқышты, бес орындық, әйнек кабинасы бар тікұшақ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген