АҚШ-та тұратын қазақ полицей Қоянбаевтың фильміне қалай тап болғанын айтты
АҚШ-та тұратын қазақ полицей әрі кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов Нұрлан Қоянбаевтың фильміне қалай тап болғанын айтып берді. Димаш “Бизнес по-казахски в Америке” кинокартинасында өзінің, яғни полицейдің рөлім сомдаған.
“Мен Нұрланмен былтыр Астанада таныстым. Өзім боксшы болғандықтан өзге боксшылармен және министрмен танысуға келгенмін. Біз мейрамханада жолықтық, ол маған аталмыш фильмнің жалғасын Америкада түсіретінін айтты. Оларға полиция қызметкері қажет болды. Ал мен осы бағытта жұмыс істеймін. Сондықтан түстім”, – дейді Димаш “Гәкку” арнасына берген сұхбатында.
Нью-Йоркте тұратын Димаш фильмге түсу үшін арнайы Лос-Анджелеске ұшып келген.
“Иә, Лос-Анджелеске бірнеше күнге ұшып келдім, сол жақта рөлімді түсірдік. Қазақпыз ғой, әрдайым бір бірімізге көмектесеміз. Америкада қазақтар аз, фильмде де соны көрсетеді”, – дейді ол.
Бұрын-соңды фильмге түсіп көрмеген Димаш түсірілім барысы туралы айтып өтті.
“Негізі оңай болды. Ең қиындығы, ол дайындық. Жанға (авт. Жан Байжанбаев) рахмет, ол маған көмектесіп, тәжірибесімен бөлісті. Режиссер де айтып отырды”, – дейді Димаш.
Жіберіп алмаңыз:
Әуезов атындағы театр директоры Ерлан Біләлдің ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Карина Абдуллинаға таңғы ас әзірлеп жүрген жалаңаш ер азамат кім?
Алуа Қонарова Жанар Дұғаловаға қатты ұқсайтын қыздан жұлдыз жасамақ
Отандық әнші шетелдік жігіті үшін Малайзияға көшіп, опық жеп қалды